Қабылдау бөлмесі:
8(7214) 65-00-17

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ТЕГІСШІЛДІК АУЫЛЫНЫҢ №6 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Тегісшілдікі а. о., Тегісшілдікі А., Қаратал көшесі, 2-құрылыс

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ТЕГІСШІЛДІК АУЫЛЫНЫҢ №6 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Көңілді мәре – көтеріңкі көңіл-күй мен сергектік сыйлаған жарыс!

“Спорт – денсаулық кепілі” апталығы аясында А.Алимбаев, Ж.Мансурова және А.Бекованың ұйымдастыруымен оқушылар арасында “Көңілді мәре” атты эстафеталық жарыс жоғары деңгейде өтті.

Жарыс барысында оқушылар түрлі кезеңдерден өтіп, шапшаңдықтарын, ептіліктерін, ұйымшылдықтарын көрсетті. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, жарыс шынайы қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күйге толы болды.

Нәтижесінде:

• Қыран тобы – бас жүлдені иеленді;

• Жалын тобы – І орын алды;

• Сұңқар тобы – ІІ орынмен марапатталды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Осындай іс-шаралар жас ұрпақты спортқа баулып, достық пен бірлікке тәрбиелейді. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз! Спортпен өмір жарқын!